Меню KDT
МЕНЮ
14.png?_=1
СОШ №17"

Читающая школа

Главная Читающая школа

 

2025 жылғы 16 қазан күні “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру аясында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Пески орта мектебі” КММ-де оқушылар мен мектеп қызметкерлері үшін
мектеп кітапханашысы Коваленко Е.А. ұйымдастырған “Буккроссинг” акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – кітапқа назар аударту, оқуға қызығушылықты арттыру.






Кітапханашы Коваленко Е.А. мектепалды даярлық сыныбымен бірге оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында «Айтшы маған, кітап, ертегі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Балалар аудиокітаптар арқылы ертегілердің сиқырлы әлеміне еніп, суретті кітаптар бойынша өзара ертегілер айтып берді.







 «Пески орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Қатысушылар: 5-8 сынып оқушылары.

Байқаудың мақсаты — оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетті дамыту және оқыған шығармасы туралы өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету.






«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында Пески орта мектебі КММ-нің мектеп кітапханасында «Кітап оқимыз – фильм көреміз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме төрт бөлімнен тұрады: «ҰОС туралы шығармалар», «Классикалық шығармалар», «Фантастика және шытырман оқиғалар», «Әлем халықтарының ертегілері».



 

Список пуст