А.И.Купринiң 155 жылдығына орай "Пески орта мектебі" КММ кітапханашысы Е.А. Коваленко "Адамға деген сүйіспеншік- оның шығармашылығының негізгі" тақырыптық сөресін безендірді

Кітапханашы Коваленко Е.А. мектепалды даярлық сыныбымен бірге оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында «Айтшы маған, кітап, ертегі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Балалар аудиокітаптар арқылы ертегілердің сиқырлы әлеміне еніп, суретті кітаптар бойынша өзара ертегілер айтып берді.



Кітапханашы күні қарсаңында «Пески орта мектебі» КММ-де «Сүйікті кітапханашыға» атты құттықтау ашықхаттар көрмесі өтті.
Оқушылар өздерінің сүйіспеншілігі мен алғысын білдіре отырып, күн сайын оларға кітап пен білім әлемін ашатын жандарға деген құрметтері мен ризашылықтарын жарқын да мейірімді ашықхаттар арқылы жеткізді.





Қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығына арналған іс-шаралар жоспары аясында «Пески орта мектебі» КММ-де мектеп кітапханашысы Коваленко Е.А.
мен бастауыш сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қариялар — ақылшы даналар» атты фотокөрме өтті.
Фотокөрменің мақсаты — аға буын өкілдеріне құрмет пен қамқорлық сезімін арттыру, оқушылардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қарт адамдарды қолдау сезімін қалыптастыру.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, талантты композитор әрі сазгер Әбілахат Еспаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Пески орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Коваленко Е.А. дайындаған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Әбілахат Еспаев қазақ музыкасының дамуына зор үлес қосты. Оның көптеген әндері халық сүйіспеншілігіне бөленіп, нағыз өнер туындыларына айналды.
Композитор шығармашылығында ерекше орын алатын «Ұстазым» әні – ұстаздарға арналған тағзым әрі құрмет гимні. Бұл шығарма ұстаз еңбегіне деген алғыс пен сыйластықтың символына айналып, Мұғалімдер күні мерекелік іс-шараларының ажырамас бөлігіне айналды. Ән тыңдаушылардың барлық буынының жүрегін тебірентіп келеді.

Отбасы күніне арналған тәрбие жұмыстары жоспары аясында «Пески орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Коваленко Е.А. бастауыш сынып оқушыларымен «Денсаулық туралы не білемін?» атты викторина өткізді.
Викторинаның мақсаты: оқушыларға дұрыс, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысты дарыту, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру.



Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай "Пески орта мектебі" КММ кітапханасында кітап көрмесі рәсімделді. Көрменің мақсаты: Абай мұрасын насихаттау және жастарды ұлттық мәдениет рухында тәрбиелеу. Абай шығармашылығы-қазақ руханиятының алтын қоры. Ол-Қазақстанның жоғары оқу орындары, көшелері мен мәдени мекемелері аталған ұлы тұлға.

2025 жылдың 30 қазанында «Пески орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Коваленко Е. А. 1-сынып оқушыларына арналған мектеп кітапханасына экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында Елена Анатольевна балаларды түрлі-түсті балалар кітаптарымен таныстырып, кітапхананы пайдалану ережелері туралы айтып берді және тақырыптық кітап сөрелерін көрсетті.
Балалар үлкен қызығушылықпен кітаптарды қарап, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті.
Экскурсия соңында оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, үйге оқуға алды.


2025 жылғы 16 қазан күні “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру аясында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
“Пески орта мектебі” КММ-де оқушылар мен мектеп қызметкерлері үшін мектеп кітапханашысы Коваленко Е.А. ұйымдастырған “Буккроссинг” акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – кітапқа назар аударту, оқуға қызығушылықты арттыру.

Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай, “Пески орта мектебі” КММ-нің кітапханасында кітапханашы Коваленко Е.А.
еліміздің негізгі заңы тақырыбына арналған көрме сөресін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: оқырмандарды Конституцияның жасалу тарихымен, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызымен, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық құрылымның негізгі даму кезеңдерімен таныстыру.